Ақтау полицейлері Каспий теңізіне батып кете жаздаған жасөспірімді аман алып қалды
Фото: Бейнеден кадр
Ақтауда Каспий теңізін кешіп, терең тұсына қарай бара жатқан жасөспірімді полицейлер құтқарып қалды. Құқық қорғау органдары қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімді дер кезінде жағалауға алып шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін, 12 қаңтар күні таңертең бозбала айналадағы адамдардың айқайына назар аудармай суға тура беттеп бара жатты. Абырой болғанда жақын маңдағылар полиция шақырып үлгереді.
«Аға лейтенант Әбдірахым Сәтешов пен кіші лейтенант Азамат Қарабалаев бірден көмекке ұмтылды. Олар суға түсіп, жасөспірімді жағалауға алып шықты», деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соңғы деректер бойынша, жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп жоқ. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Айта кетейік, Астанада жедел жәрдем басшыларының 850 млн теңге жымқырғаны анықталды.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп