АҚШ, Украина және ЕО елдері Трамп пен Путин саммиті алдында кездесу өткізеді
Фото: Pixabay
Алдағы демалыс күндері Ұлыбританияда АҚШ, Украина және бірқатар Еуропа елдерінің өкілдері кездесуді жоспарлап отыр. Бұл басқосу 15 тамызда Аляскада өтетін Дональд Трамп пен Владимир Путиннің саммиті алдындағы ұстанымды үйлестіруге бағытталған, деп хабарлайды Orda.kz порталы Deutsche Welle сілтеме жасап.
Киев пен оның одақтастары Трамптың Украина мен НАТО-ның бір бөлігінің мүдделерін ескермей, Путиннің шарттарына келісіп қалуы мүмкін деп қауіптенеді.
Axios басылымының хабарлауынша, Трамптың кеңесшісі Уиткоффтың Путинмен кездесуі барысында Мәскеу соғысты тоқтатады, ал Батыс Луганск, Донецк және Қырымды Ресей құрамында таниды дегендей ұсыныс айтылған.
Кейбір нұсқаларда бұл Ресейдің Херсон және Запорожье облыстарына деген наразылықтарынан бас тартуын қамтыйды, бірақ майданды «тоқтату» туралы шарт бар, бұл Запорожье АЭС аймағын Ресей бақылауында қалдырады.
Сонымен қатар, CBS News АҚШ Ақ үйіндегі жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап, Аляскадағы саммитке Украина президенті Владимир Зеленский де қатысуы мүмкін екенін жазды.
15 тамызда Трамп пен Путиннің Аляскада кездесетінін АҚШ президенті Дональд Трамп өзі Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Бұл ақпаратты Кремль де ресми түрде растады.
Атырау қаласының № 2 соты жергілікті тұрғынды ҚР ҚК-нің 172-бабы «Шет мемлекет аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысу» бойынша бес жылға бас бостандығынан айырды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды