АҚШ-та ереуілшілер Илон Масктың қызметінен кетуін талап етті
Фото: Allison Robbert-Pool/Getty Images
Вашингтонда жүздеген адам шеруге шығып, Илон Масктың қызметінен кетуін талап етті, деп хабарлайды Orda.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Вашингтонда демократиялық заң шығарушылар америкалық миллиардер және АҚШ мемлекеттік тиімділік департаментінің (DOGE) басшысы Илон Масктың әрекеттеріне қарсы акция өткізді. Ереуілшілер, оның ішінде сенаторлар, конгрессмендер, заңгерлер мен киберқауіпсіздік сарапшылары, Маск басқаратын мемлекеттік тиімділік департаментінің қаржы министрлігіне қарасты төлем базасына кіруге рұқсат беруіне қарсы шықты.
Олар бұл әрекетті салық төлеушілер мәліметтерінің құпиялылық ережесіне қайшы деп санайды. Маск бұл деректерге мониторинг жүргізіп, артық шығынды қысқарту қажет деп мәлімдеген.
Ереуіл жетекшісі Чак Шумердің ойынша, Илон Маск америкалықтардың құпиясына қол сұғып жатыр екен.
«Біз Илон Маскқа өзіміздің құпиямызды, жеке өмірімізді, қаражатымызды, қолымызда бар нәрсені ала беруге рұқсат бере алмаймыз. Біз жеңіске жеткенше күресеміз, тоқтамаймыз», - деді Чак Шумер.
Жаңалықтар
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
- Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды
- 36 күдікті ұстау изоляторында: Сталкинг бойынша сотқа 51 іс жолданды
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
- Ауғанстан–Пәкістан соғысы: Кабулдағы ауруханаға соққы жасалды — 400 адам қаза тапты, тағы 250 жарақат алды
- Есірткі өндіруді әкесі үйреткен: Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ашқан
- Қаражатын инвестициялауға үгіттеген: Желі арқылы жұртты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды