АҚШ пен батыс елдерінің Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты салған санкцияларының кесірі қара халыққа тиіп жатыр
Фото: Pixabay
Иранда ұлттық валюта бағамының күрт құлдырауына және бағаның қарқынды өсуіне байланысты тұтанған наразылық бес күннен бері жалғасуда. Желтоқсанда елдегі инфляция 40% -дан асты, ал өнімдер 70% -ға қымбаттады, деп хабарлайды Orda.kz.
28 желтоқсанда Тегеранда дүкен иелері елдегі экономикалық жағдайдың нашарлағанына наразылық ретінде сауда орындарын жапты. Кейін оларға студенттер қосылды.
Бейне: «Әлемдегі наразылықтар» телеграм арнасы
Соңғы мәліметтер бойынша, наразылық 36 қаланы қамтыды. Полициямен қақтығыстар орын алып, атыс қаруы мен көзден жас ағызатын газ қолданылуда, демонстранттар ұсталуда. Наразылықтар үкімет ғимараттарына шабуыл жасады. Иранның солтүстігіндегі қалалардың бірінде олар қаза тапқан экс-президент Ибрахим Раисидің ескерткішін құлатқан. Бірнеше қалада соғыс жағдайы енгізілген. Қаза тапқандардың саны туралы ресми деректер жоқ.
Бейне: «Әлемдегі наразылықтар» телеграм арнасы
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иран риалы 2025 жылы долларға қатысты өз құнының жартысына жуығын жоғалтқан, ал желтоқсанда ресми инфляция 42,5% -ға жеткен. Азық-түлік бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 72% -ға өсті.
Бұдан басқа, Иран экономикасы көп жылдан бері қиындықтарға тап болып келеді, негізінен АҚШ пен батыс елдерінің Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты салған санкцияларының кесірі қара халыққа тиіп жатыр. Осының бәрі соңғы үш жылдағы ең ірі наразылықтарды тудырды.
Иран президенті Масуд Пезешкиан ішкі істер министріне наразылық білдірушілердің өкілдерімен диалог бастауды тапсырды, ол «үкімет проблемаларды шешу үшін бар күш-жігерін жұмсап, жауапкершілікпен әрекет етуі қажет» деп мәлімдеді.
Желтоқсан айының басында Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкианның кездесуі өтті. Бұл Иран көшбасшысының Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды.
Ирандағы жойқын жарылыс ондаған адамның өмірін жалмады: Тоқаев көңіл айтты.
Ресей БҰҰ санкцияларына қарамастан Иранның ядролық энергетикасын қолдады.
Иран мен АҚШ кездесуінде ядролық келісім мәселесі шешілді ме?
Иран Армения арқылы өтетін «Трамп дәлізіне» қарсылығын ашық айтты.
Жаңалықтар
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды