АҚШ КТК, «Теңізшевройл» және Қарашығанақты игеру жобасын санкциядан шығарды

cover Фото:Теңізшевройл

Әңгіме «Роснефть» мен «Лукойлға» қарсы санкциялар туралы болып отыр. Тиісті құжатты америкалық Қаржы министрлігі жариялады. Лицензия осы үш жобаға байланысты «мұнай қызметтері мен басқа да мәмілелерге» рұқсат береді, деп хабарлайды Orda.kz.       

Бұл ретте Каспий құбыр консорциумында, «Теңізшевройлда» немесе Қарашығанақ жобаларында «қатысу үлестерін сату, иеліктен шығару немесе беру жөніндегі кез келген мәмілелерге» рұқсат етілмеген.

 Сондай-ақ АҚШ Қаржы министрлігі Lukoil International GmbH және онымен байланысты «Лукойл» активтерін сату бойынша келісімшарттарды келісу және жасасу үшін операциялардың мерзімін 2025 жылғы 13 желтоқсанға дейін ұзартты. Ресейлік компанияның болгарлық заңды тұлғаларымен: Lukoil Neftohim Burgas JSC, Lukoil Bulgaria EOOD, Lukoil Aviation Bulgaria EOOD, Lukoil Bulgaria Bunker EOOD - 2026 жылғы 29 сәуірге дейін операцияларға рұқсат етілді.

Біз Ресейден тыс ең ірі «Лукойл» активінің –  Болгариядағы мұнай өңдеу зауытының және Қазақстанның байланысы туралы жазған болатынбыз.

«Лукойл» шетелдегі ең белсенді ресейлік мұнай компаниясы болып қалуда. Оның меншігінде Еуропадағы үш МӨЗ, бүкіл әлем бойынша жүздеген ЖҚС, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Ирак, Мексика, Гана, Египет және Нигериядағы мұнай жобаларындағы үлестері бар. Қарашығанақтан басқа, «Лукойл» «Теңізшевройл», КТК-ға қатысады және Алматы облысындағы зауытқа иелік етеді.

Бұған дейін біз Қазақстандағы «Лукойл» жобалары британдық санкциялардан шығарылған да жазғанбыз.

2023 жылы «Теңізшевройл» мен оның еншілес ұйымы «Самұрық-Қазынаға» қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін миллиардтаған доллар айыппұл салынды.

 
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Лукойлдың» Қарашығанақ мұнай-газ кен орнындағы 13,5 пайыздық үлесін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Санкция қысымына түскен ресейлік «Лукойл» компаниясы шетелдегі активтерін сата бастады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар