АҚШ Газпромбанкке санкция салды
Фото: Elements.envato.com
АҚШ Газпромбанкке санкция енгізу туралы шешім қабылдады, бұл банк бұған дейін санкциялардан босатылған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Байден әкімшілігі осы уақытқа дейін еуропалық елдерге ресейлік газ үшін төлем жасау мүмкіндігін беру үшін Газпромбанкке санкция салудан бас тартқан болатын. Алайда жағдай өзгерді. Еуропа Ресей энергия көздеріне деген тәуелділігін азайтып, санкцияларға жаңа қадам жасауға мүмкіндік алды.
Бұл күні тағы 50 ресейлік банкке санкция салынды. АҚШ қаржы министрлігі Украинадағы соғысқа байланысты ресейлік Газпромбанк пен оның Қазақстандағы филиалына санкция салды. Бұл туралы АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) жаңартылған тізімінде жазылған.
Газпромбанк — Ресейдің ең ірі банктерінің бірі. Оның филиалдары Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Үндістан және Қытайда орналасқан. Банкке қосымша, жаңадан енгізілген санкциялық тізімге Өзбекстандағы бөлімшеден басқа жоғарыда аталған барлық филиалдар енгізілді.
Газпромбанк сайтындағы мәліметтерге қарасақ, Қазақстан филиалын Асқар Аспандияров басқарады.
АҚШ-тың жаңа санкциялары 50-ден астам Ресей банктеріне қатысты, оның ішінде БКС-банк, «Центрокредит», «Кремлевский», «Синара» және «Итуруп» бар. Сондай-ақ, Ресей Орталық банкі басшыларының 11 өкілі, оның ішінде Орталық банк бірінші орынбасарлары Дмитрий Тулин мен Владимир Чистюхин, Орталық банк ұлттық төлем жүйесі департаментінің басшысы Алла Бакина, қаржы жүйесінің тұрақтылығы департаментінің жетекшісі Елизавета Данилова және басқалары санкцияға ілінді. Ал Орталық банк төрағасы Эльвира Набиуллина 2022 жылдан бастап америкалық санкциялар тізімінде.
2024 жылдың қаңтарында Газпромбанк теңгемен аударым жасауды тоқтатқанын хабарлады. Бір айдан кейін банк Қазақстан валютасында операцияларды қайта бастау туралы шешім қабылдағанымен, аударымдар үшін комиссия алуды жоспарлаған. Алайда қазір Газпромбанк сайтының мәліметіне сәйкес, теңгемен операциялар жүргізетін банк-корреспонденттер жоқ.
Жаңалықтар
- Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапты
- Масуд Пезешкиан Иран халқына үндеу жолдады
- Иран соғысы: Ормуз бұғазы маңында 150 кеме кептеліп тұр
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырмауға шақырды
- Иранның Тель-Авивке жасаған жауапты зымырандық шабуылынан 2 адам қаза тауып, 27 адам жараланды
- Контрафактілік тауар: 17,1 тоннадан астам өнім айналымнан алынып, 29,9 млн теңгенің айыппұлы салынды
- Аятолла Әлиреза Арафи Иранда жаңа Жоғарғы көшбасшы сайланғанға дейін елді уақытша басқаруы мүмкін
- Пәкістандағы Хеменеи жақтастары БҰҰ ғимаратын өртеп, АҚШ консулдығына шабуыл жасады, қаза тапқандар бар
- Шымкентте студенттер «бал қосып беретін» алаяқтардың торына түсті
- Абай облысында екі ер адам «Газельде» түнеп, иіс тиіп көз жұмды
- Иран жаңа Жоғарғы көшбасшы сайлау туралы мәлімдеме жасады
- Иран Әли Хаменеидің отбасы мүшелерінің қаза тапқанын растады
- Ирандағы қыздар мектебінде қаза тапқандар 148 адамға жетті, 107 адам жарақат алған
- Ирандағы елшілік Қазақстан азаматтарын дайын болуға үндеді
- Тоқаев өңірдегі шиеленіске қатысты Парсы шығанағы елдері көшбасшыларына жолдау арнады
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
- Иран Жоғарғы көшбасшысының қаза тапқанын растады
- Тоқаев конькимен жүгіруші Кристина Шумекованы әлемнің абсолютті чемпионы атануымен құттықтады
- Air Astana 4 наурызға дейін Таяу Шығыс елдеріне барлық тұрақты рейстерін тоқтатты
- 1 наурызда Астана мен 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды