АҚШ Ай үшін бірыңғай уақыт стандартын орнатуды жоспарлап отыр
Фото: pixabay
Ақ үй NASA-ға Ай мен басқа аспан денелері үшін біртұтас уақыт стандартын құруды тапсырды.
The Guardian басылымының хабарлауынша, NASA Джо Байден әкімшілігінің тапсырмасы бойынша келісілген ай уақыты (LTC) тұжырымдамасын әзірлеуде. Бұл тапсырманы мамандарға Ақ үйдің ғылым және технология саясаты басқармасының басшысы Арати Прабхакар қойды.
«Біздің Ғаламдағы тартылыс теориясының маңызды салдары бар: уақыт Әлемнің әр жерінде әр түрлі ағып жатыр. Айдағы тартылыс күші сәл әлсірейді, ал ондағы сағаттар басқаша жұмыс істейді» деп түсіндірді Шотландия астрономы, Роял профессоры Кэтрин Хейманс.
Айда гравитация Жерге қарағанда төмен, сондықтан уақыт ол жерде сәл жылдамырақ өтеді. Нәтижесінде спутниктегі уақыт Жерден тәулігіне 58,7 микросекундқа озып кетті. Бұл бір секундтық айырмашылық шамамен 46-47 жылда жинақталады дегенді білдіреді. LTC өз миссияларын орындау үшін өте дәлдікті қажет ететін ай ғарыш аппараттары мен спутниктері үшін уақытты өлшеу стандартына айналады.
«Айдағы атомдық сағаттар жердегі сағаттарға қарағанда басқа жылдамдықпен жұмыс істейді. Сондықтан, басқа ғарыштық денеге, мысалы, Айға немесе Марсқа ұшқанда, оның өзіндік кері санағы болатын мағынасы бар»,- дейді NASA қызметкері Кевин Коггинс.
2026 жылға қарай АҚШ Айға жоспарланған адам миссиясы алдында үйлестірілген ай уақытын енгізуді жоспарлап отыр. Артемида 3 миссиясы 1972 жылы Аполлон 17 миссиясынан кейінгі Ай бетіне алғашқы қону болады деп жоспарланған.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды