Ақорда берген пәтер: Тоқаевтың жеке журналисінің басы дауға қалды

Қазақстан президентінің жеке тілшісі Әділ Балтабаев әлеуметтік желіде үлкен даудың ортасында қалды. Threads платформасында жарияланған бір жазба көпшілік тарапынан сын мен наразылық туғызды. Orda.kz оқиға қалай дамығанын және неге халықтың наразылығы туындағанын анықтады.
Даудың басы неден басталды?
Барлығы «Қайрат» пен «Реал» арасындағы футбол матчы жайлы жазбадан басталды. Алматылық клуб бұл кездесуде ірі есеппен ұтылды.
Әділ Балтабаев өз жазбасында «Қайратты» қолдаған жанкүйерлерді және блогер Артур Асқарұлын атап өтіп, ал Нұрлан Қоянбаевты сынға алды.
Қоянбаевтың жауабы ұзақ күттірмеді:
«Балтабаев Президенттің жанында жүріп құтырып кетіпсіз ғой) Коянбаев емес, хотя бы Нурлан Коянбаев деп жазбайсыз ба? Патриот болсаңыз қазақша жазып жібермедіңіз ба?» — деп жазды ол.


Балтабаев бұл жауапқа пікір білдірмегенімен, желідегі дау күшейе түсті — қолданушылар журналистің бұрынғы марапаттары мен жеңілдіктерін әшкерелей бастады.
Әділ Балтабаев кім және неге сынға ұшырады?
Әділ Балтабаев — президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жанында жұмыс істейтін журналист. Ол President арнайы жобасын жүргізеді, мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралардан репортаж жасап, жоғары лауазымды тұлғалардан сұхбат алады.
Балтабаев журналистік жолын 2020–2021 жылдары бастаған. 2023 жылы Президент Тоқаев оны БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында марапаттап, грант тағайындаған.
«Мемлекет біздің еңбегімізді бағалайтыны қуантады. Президент „Мен сіздердің материалдарыңызды оқимын, көремін“ деді. Бұл үлкен қолдау», — деп еске алды Балтабаев.
Алайда 2025 жылы дәл осы мереке қарсаңында журналист Астанадан пәтер алғаны белгілі болды. Тағы 65 журналиске де баспана берілген, бірақ әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызған — дәл Балтабаевқа берілген сый болды.
Көпшіліктің пікірінше, елде ондаған жыл бойы еңбек етіп жүрген, бірақ баспанаға ие болмаған журналистер көп.
Әріптестерінің сыны
Журналист Шоқан Алқабаев Threads-та өз көзқарасын білдіріп, Балтабаев пен оған ұқсас журналистерді сынға алды. Ол 2023 жылы өзі де 3 миллион теңгелік сыйақы алуы тиіс болғанын, бірақ марапат басқа адамға бұйырғанын айтты.
«Әділ Балтабаев Ақордадан пәтер ғана емес, 2023 жылы үш миллион теңгелік стипендия да алған. Сол жылы олар Tengrinews журналистеріне тағы бір марапат беруді шешті. Редакция бәрін талқылап, үміткер ретінде мені және Айгерім есімді әріптесімді ұсынды. Барлығы жақсы жүріп жатты — құжаттарымызды тапсырдық, марапатқа моральдық тұрғыдан дайындала бастадық. Іштей: “Шынымен, Тоқаевтың өз қолынан сыйлық алам ба?” деп ойладым. Сол жылы менің ең белсенді уақытым еді — мықты репортаждар жасап, журналистика нарығында аты шығып жүргенмін. Сондықтан жеңісіме сенімді болдым. Бірақ марапат сол кездегі премьер-министрдің орынбасарының келініне берілді. Сол кезде ойыма: алдымен журналистикадағы жемқорлықты жеңу керек, содан кейін қалғанын шешуге болады деген ой келді», — деп жазды Алқабаев.
Бірақ көп ұзамай ол бұл жазбасын өшіріп, журналистердің қоңырауларына жауап бермеді.
Балтабаев не дейді?
«Орда» Балтабаевтан пікір сұрағанымен, ол пікір білдіруден бас тартты.
Оны қолдағандар аз болды. Көпшілік әлеуметтік желіде оны «жұлдызсыған мобилограф», «жас журналист, бірақ тым тәкаппар» деп атады. Қазір дау сәл басылғанымен, тақырып әлі де қоғам назарында.
Orda.kz оқиғаның өрбуін бақылауды жалғастырады.
Жаңалықтар
- Семейдегі тым-тырыс сайлау: Алаштың астанасындағы «демократия»
- Әскери басшының қызметкерге балағат сөздер айтқан бейнежазбасы тарады
- Ақтөбеде 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне күдікті болған үш оқушы ақталды
- Достық – Мойынты теміржолы: Президент Тоқаевты кім алдады?
- Ақорда берген пәтер: Тоқаевтың жеке журналисінің басы дауға қалды
- Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды
- Шерхан Қалмұрзаға ғылым министрі грант табыстады
- Басы дауға қалған көлік министрлігінң шенеунігі «әкімдікке» жіберілді
- Қазақстанда Джеки Чан ойнайтын жаңа «Құдіретті сауыт» фильмі түсіріледі
- Тамара Асардың өгей ұлы өмірден озды
- Президент резиденциялары дирекциясының бұрынғы басшысы заңсыз алтын өндірген
- Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі банкрот деп танылды
- Қоянқұста ата-аналар балаларын мектепке жібере алмай отыр
- Қызылордада мүмкіндігі шектеулі баланы қорлап, аяғын күйдіргендер ұсталды
- Екібастұзда КСРО басшысы Георгий Маленков тұрған пәтер сатылымға шықты
- Таразда әкімдік қызметкерлері мемлекеттік мүлікті заңсыз сатқан
- Дана Әбдірова Перудегі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
- Республика сарайында Путинді жер-көкке сыйдырмай мақтаған Ситников кім?
- Салтанат Нүкенованың есімі елдің тарихи тұлғалар пантеонына енгізілді
- БАӘ-де заңсыз мұнай сатқан қазақстандық ұсталып, елге экстрадицияланды