Ақмола облысындағы шенеуніктер үш жыл бойы өздеріне заңсыз жалақы аударған

cover

Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, Целиноград ауданында жүргізілген тексеру барысында бюджет қаржысының негізсіз жұмсалғаны анықталды.

Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері үш жылдан астам уақыт бойы өз еңбекақыларына қосымша қаражат қосып келген – осы уақыт ішінде 15 миллион теңгеден астам қаржыны қалталарына басып үлгерген.

 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы («Аса ірі көлемдегі ұрлық») 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстандық шенеуніктерінің өлшемі бойынша Ақмола облысы әкімдігі қызметкерлері салыстырмалы түрде қарапайым ұрлыққа барды: олардың жоғары лауазымды әріптестері кейде әлдеқайда көп қаржы жымқырды. Мәселен, Шымкентте шенеуніктер бюджеттің 1,1 миллиард теңгесін ұрлап, осы ақшаға қымбат баспана сатып алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар