Ақмола облысында 14 жастағы қызды пышақтап өлтірді
Фото: gov.kz
Ақмола облысында 14 жасар қыз баланы пышақтап, қатыгездікпен өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Ынтымақ ауылында 14 жасар ауыл тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы дереу анықталды. Қазіргі уақытта оны жедел ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство «сотқа дейінгі тергеу шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталады» деп сендірді.
«Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жарияланбайды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз», - деп толықтырды полиция қызметкерлері.
Кеше Алматы гарнизонының әскери прокуратурасында бас сүйегі сынған, үш жерден пышақталған және барлығы жиырма алты жарақат алған сарбаз Алмас Шахимовтың өліміне қатысты сот отырысы өтті.
Үш күн бұрын дәрігерлер ауруын елемеген қауіпті, шизофрениямен ауыратын ер адам көршісін 27 рет пышақтап тастады.
Жыл басында 6 баласы бар жүкті келіншек 12 жасар қызын пышақтағаны үшін 6 жылға сотталды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды