Қайрат Нұртастың жұбайы «Әлем аруы-2020» атағын жеңіп алды

cover

Әншінің жұбайы Жұлдыз Абдукаримова «Әлем ханымы-2020» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды ORDA ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Байқаудың ресми сайтында дауыс беру 1 – 24 желтоқсан аралығында өтті. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық ару бірінші орынды иеленді.

Еске салсақ, Жұлдыз Абдукаримова өз парақшасында бірнеше рет қолдауға шақырған.

«Еліміздің намысы үшін жеңіске бірге қадам жасайық. Бүкіл әлем қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын мойындасын! Мен тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның намысын қорғаймын. Құрметті Қырғызстан, Өзбекстан, Орталық Азия оқырмандары, сіздердің қолдауларыңыз қажет», - деп жазды ол.

Айта кетсек, конкурсқа тағы бір қазақстандық ару қатысқан. 32 жастағы Нұр-Сұлтандық Аяна Сұлтанбекова «Әлем ханымы» атағына ие болды. Бойжеткен өтінім беру үшін байқауды ұйымдастырушылармен өз бетінше байланысқа шыққан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар