Қайрат Нұртасқа жиынға қатысқаны үшін айыппұл салынды

cover

Карантиндік шараларды бұзғаны үшін қазақстандық әнші Қайрат Нұртасқа айыппұл салынды.

Бұл туралы Orda.kz Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматыдағы рейд барысында мониторинг тобы 80-нен астам адамның қатысуымен ойын-сауық мекемелерінің бірінде өткізілген іс-шараның фактісін анықтады.

– Қонақтардың қатарында Қайрат Нұртас та болды. Ол басқалармен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Барлығына 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар