Аймағамбетов мектептегі қауіпсіздік туралы айтты

cover

Білім беру нысандары қауіпсіздігін қамтасыз ету туралы Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабаралайды.

Білім және ғылым министрі Қазан қаласында болған қайғылы жағдайды зерделегенін айтып, қауіпті жағдайда не істеу керектігі туралы халықаралық тәжірибені атап өтті.

– Халықаралық тәжірибеде бейне бақылау мен дабыл түймелерімен қамтамасыз ету, төтенше жағдай кезіндегі нақты алгоримтмдерді енгізу, арнайы күзет және оқушылар мен педагогтерді даярлау көрсетіліп отыр. Осыған орай арнайы нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Қазір еліміздің барлық мектептері 100 пайыз бейне бақылаумен жабдықталды. Десек те, бейне бақылау камераларының 55 пайызы ғана талапқа сай екені анықталды. Жергілікті бюджеттерден бұл мәселені шешу үшін 1,4 миллиард теңге қарастырылды,- дейді министр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар