«Айғақ жоқ»: Шымкенттегі психиатриялық орталықта зорланған қыздарға қатысты айыпталушылар үкіммен келіспейді
Фото: Orda.kz
Түркістандағы облыстық психиатриялық орталықтың екі қызметкері науқастарды зорлағаны үшін 15 жылға сотталды. Зорланғандардың бірі жүкті болып қалған жасөспірім, екіншісі күйзелістен арылам деп барып 25 күннің ішінде 4 рет зорланған 22 жастағы бойжеткен.
Orda.kz тілшісі жәбірленуші тараптың туыстарымен және айыпталушылардың қорғаушыларымен сөйлесті.
Еске салсақ, бұл іс туралы редакция тілшісі Шымкент қаласына барып арнайы журналистік зерттеу жасаған еді. Тілшіміз жәбірленуші тараптың аналары мен қорғаушыларынан сұхбат алды. Оған қоса психиатриялық орталыққа да барып қызметкерлермен сөйлесуге тырысты. Алайда олар пікір беруден үзілді-кесілді бас тартты.


«Үш айлығында түсік жасаттық, шақалақтың салмағы 150 грамм болды. Қарасақ, кәдімгі қол-аяғы бар бала сияқты, алақанға сыйып тұр. Түсік жасатқан соң, екі күннен кейін ауруханадан шықтық. Бірақ, 10 күннен соң барғанымызда биоматериал сол 10 күн бойы мәйітханада жатқан болып шықты. Ұрықты біздің көз алдымызда жуып контейнердің ішіне салған. Түсік жасатқан соң, ұрыққа сараптама жасап, әкесі кім екенін анықтау керек еді. Алайда, Шымкент қаласында ондай сараптама жасайтын аппарат істен шыққан деп, оны Ақтөбеге жібереміз деді. Ақыр соңында, ұрық осы он күн ішінде әбден бүлініп, сараптамаға жарамсыз болып қалған», — деп еді сол кезде жасөпірімнің анасы.
Екінші 22 жасар қыз ол жерге күйзелістен арылам деп барып 25 күннің ішінде төрт рет зорланғанын айтқан.
Кеше кінәлілерге қатысты сот үкімі шықты. Олар — психиатриялық орталықта 10 жылдан астам жұмыс істеген 33 және 43 жастағы екі қызметкер. Екеуі де кінәсін мойындаған жоқ. Алайда сот олардың кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жеткілікті деп тауып, әрқайсысын 15 жылға бас бостандығынан айырды.
«Жәбірленушінің жүктілігі оның облыстық психиатриялық орталықта ем алған кезеңімен толық сәйкес келеді. Бұл айыптауларды толығымен растайды. Бұған қоса, бірнеше куәгерден жауап алынды. Олардың барлығы өз әрекеттерін толық түсінген. Қыз орталыққа депрессиялық жағдайда түскен. Куәгерлердің айғақтары санитарлардың әрекетін растады. Осыны ескере отырып, Даржанов пен Дүйсебаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп тану қажет», — деді судья Самидин Теміралиев.
Істе екі жәбірленуші бар. Біріншісі — «Шизофрения» диагнозы қойылған 17 жастағы қыз. Екіншісі — ауыр депрессиядан емделіп жүрген 21 жастағы науқас. Тергеу нұсқасына сәйкес, дәл бірінші жәбірленуші — кәмелетке толмаған қыз психиатриялық орталықта жүкті болған. Кейін тергеу органдарының шешімімен оған түсік жасалды.
Жәбірленушінің анасы іс бойынша әділ үкім шығады дегенге бастапқыда сенбегенін жеткізді. Іс БАҚ пен әлеуметтік желіде айтыла бастаған соң ғана алға жылжығанын айтты.
«Шынымды айтсам, үмітімізді үздік. Тергеу кезінде де, сот басталған соң да қысым көп болды. Сол себепті үміттен мүлде айырылдық. Жалпы, үкіммен келісемін. Ол — әділ. Түптеп келген 15 жылдың өзі аз оларға. Ол жерде екі қыздан басқа талай қыздардың көз жасы кетті, мен ойымша олар басқаларына да зиян тигізді», — деді жәбірленушінің анасы.
Адвокат Жамал Бәкірова тергеу барысында маңызды дәлелдердің жойылғанын айтты.
«Тергеу кезінде бейнежазбалар дер кезінде тәркіленбегендіктен, орталық бейнеархивті жойып жіберген. Соған қарамастан, біз сотқа айыпталушылардың WhatsApp-тағы жазысқан хаттары сияқты айғақтарды ұсындық. Бұл дәлелдер үкім шығару үшін жеткілікті болды», — деді ол.
Алайда айыпталушылардың туыстары сот шешімімен келіспейді. Тағайбек Даржанов тергеудің заңбұзушылықпен жүргізілгенін алға тартты:
«Барлық сараптама біздің балалардың қатысы жоқ екенін көрсетті. Ешқайсысынан айғақ табылған жоқ. Бұл – тергеуші Нұрсұлтанның қателігі. Ашық айтқанда, ол – адал адам емес. Бала көшеде емес, мекеменің ішінде жүкті болды. Егер дер кезінде анықталғанында, кімнің әке екенін нақты білетін едік. Егер бұл біздің балалар болса, айқын дәлелденер еді», – деді айыпталушының әкесі.
Тағайбек Даржановтың айтуынша, қорғаушылар апелляциялық шағым беруге дайындалып жатыр.
Бұл ретте сот тек үкіммен шектелген жоқ. Істі жүргізген тергеуші мен психиатриялық орталықтың бас дәрігерінің атына жеке қаулы шығарылды. Сонымен қатар, енді бұрынғы қызметкерлер жәбірленуші әр қызға 10 миллион теңгеден моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Айта кетейік, бұл жайттар 2024 жылдың қараша айында-ақ белгілі болған. Науқастар болған жағдайды өз туыстарына айтып берген. Мысалы, кәмелетке толмаған қыз санитарлардың өзін төсекке байлап, күшті дәрілер салғанын айтқан. Зорлық-зомбылық бейнебақылау орнатылмаған бөлмелерде, шатырда және тіпті баспалдақта да болған.
Жаңалықтар
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр