АИТВ жұқтырған науқастарды емдейтін Алматы ауруханасының бас дәрігері төрт күн бойы балалар орталығын басқарған

cover Фото: Ашық дереккөзден

Үш науқас ВИЧ індетін жұқтырған кезде Алматы орталық клиникалық ауруханасын басқарған Нариман Болтайұлы Табынбаев Ақсай балалар орталығының бас дәрігері болып уақытша тағайындалды. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Табынбаевтың 2024 жылдың 13 мамыры мен 17 мамыры аралығында қызмет атқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.


«Қазір «Ақсай» балалар орталығының бас дәрігері лауазымына конкурстың қорытындысы шыққанға дейін бас дәрігердің міндетін атқару бас дәрігердің орынбасары Әліби Ержан Қаштайұлына жүктелді» деп хабарлады ведомстводан. 

Баспасөз қызметі Табынбаевтың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты оның кандидатурасы «Ақсай» балалар орталығының бас дәрігері қызметіне қаралмайтынын түсіндірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар