Аида Балаева: жекеменшік мектептер білім сапасын төмендетті
Фото: gov.kz
Вице-премьер – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекет сенімін теріс пайдаланудың көп фактілері анықталғынан мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жақында берген сұхбатында Мемлекет басшысы білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесін реформалау туралы айтты. Ең алдымен, әңгіме жекеменшік мектептерді, балабақшаларды, даму орталықтарын және медициналық клиникаларды жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаты туралы болып отыр. Осыған байланысты Үкімет жекеменшік ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастырудың қолданыстағы тетіктеріне жан-жақты талдау жүргізді және бірқатар елеулі проблемаларды анықтады. Атап айтқанда, жүйелердің ауқымды цифрландырылуы мемлекет сенімін көп мәрте теріс пайдалану деректерін барған сайын ашып көрсетіп отыр, бұл осы саладағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің бастапқы қағидаттарын бұзады», — деді Балаева сенбі күні.
Оның айтуынша, соңғы сегіз жылда жекеменшік мектептердің саны шамамен жеті есе өсіп, бүгінде 785 білім беру ұйымына жеткен.
«Соған сәйкес мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеменің күрт артқанын да көріп отырмыз. Шығындар 2020 жылы 13 млрд теңгеден 2025 жылы 242 млрд теңгеге дейін өсті. Ал 2020–2025 жылдар аралығындағы инвестициялық шығындардың өзі 111 млрд теңгені құрады, бұл 35 жаңа мектеп салуға кететін шығынмен шамалас. Алайда негізгі мақсатқа қол жеткізілген жоқ. Оқушы орындарының тапшылығы әлі де артып, 2025 жылы 251 мың орынды құрады. Бұл облыстық маңызы бар бір қаланың халқының санына тең», — деді министр.
Ол жекеменшік мектептердің көбеюі білім сапасының төмендеуіне әкелгенін атап өтті.
«Көптеген мекемелер өңірдің нақты қажеттілігі ескерілмей, бей-берекет ашылды. Мәселен, мектептердің 80 пайызына жуығы жалға алынған ғимараттарда орналасқан, ал директорлық қызметке жиі жағдайда біліктілігі төмен мамандар тағайындалады. Бұдан бөлек, мектеп ғимараттары бизнестің меншігінде қала береді және 20 жылдан кейін құрылтайшылар оның мақсатты пайдаланылуын өзгерте алады. Мұның бәрі жүйеге деген сенімді әлсіретіп, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын төмендетеді. Осыған байланысты жағдайды түзету бойынша жүйелі жұмыс басталды. Қаржыландырудың жаңа тетігі пилоттық режимде енгізілді, мектептер цифрландырылып, бюджеттеу жүйесімен сәйкестендірілді. Алайда бұл — ағымдағы оқу жылының соңына дейінгі уақытша шара», — деп қосты вице-премьер
Оның сөзінше, бұл жерде тәсілдерді түбегейлі, жүйелі түрде қайта қарау қажет.
«Ең алдымен, мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде өңірдің нақты қажеттілігін ескеру керек. Сонымен қатар жаңа мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мораторий енгізу ұсынылады. Білім беру саласының жекеменшік капитал үшін инвестициялық тартымдылығын сақтау мақсатында мемлекеттік қолдау шарасы ретінде мемлекеттік тапсырысты орналастырмай, тек инвестициялық шығындарды өтеуді ғана қалдыру ұсынылып отыр. Сондай-ақ білім беру саласындағы бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында ірі мегаполистерді қоспағанда, студенттік жатақханаларды қаржыландыруды тоқтата тұру мәселесі қарастырылуда. Әрине, бұл ретте барлық құқықтық және әлеуметтік тәуекелдер ескеріледі», — деді Балаева.
Оның айтуынша, балама нұсқалар ретінде бағдарламаны кезең-кезеңімен тоқтата тұру немесе қаржыландыру шарттарын қайта қарау қарастырылып отыр.
«Жекеменшік ұйымдардың медициналық қызмет көрсету саласында тәртіп орнату мақсатында Үкімет азаматтардан келіп түскен өтініштерді ескере отырып, медициналық ұйымдарды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) қаражаты есебінен қаржыландыруды талдауды жүргізіп жатыр. Қазақстанда 20 миллионнан астам адам алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 698 ұйымға тіркелген, олардың 336-сы немесе 48 пайызы — жекеменшік ұйымдар. Бұл ретте жекеменшік ұйымдарға тіркелген халық саны 5,6 млн адамды немесе ел халқының 28 пайызын құрайды. 2020 жылдан бері алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін жекеменшік ұйымдардың саны 215-тен 336-ға дейін өсіп, оларға тіркелген халық саны 3 млн-нан 5,6 млн адамға дейін артты», — деп нақтылады Үкімет басшысының орынбасары.
Қазіргі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі аясында республикалық бюджеттен жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаты бойынша қаржыландырылады.
«2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражаты есебінен қаржыландырылады. Жекеменшік емханалардың санының артуына және оларға тіркелген халықтың шамамен екі есеге өсуіне қарамастан, бұл медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға да, сапасын жақсартуға да алып келген жоқ. Бір медициналық қызметтің бір мезгілде МӘМС және ерікті медициналық сақтандыру арқылы төленуі сияқты қосарланған қаржыландыру фактілері, сондай-ақ көрсетілмеген медициналық көмекті жалған тіркеу жағдайлары әлі де сақталуда», — деп атап өтті вице-премьер.
Оның айтуынша, тағы бір өзекті мәселе — қаражатты мақсатсыз пайдалану және лицензиясыз, сертификаттарсыз әрі қажетті жабдықсыз қызмет көрсету.
«Бұл мәселелерді шешу тек жүйелі өзгерістер мен толық цифрландыру арқылы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті халықтың нақты қажеттілігіне, демографиялық деректер мен көші-қон көрсеткіштеріне негіздеп жоспарлауға көшіп жатыр, сондай-ақ қаржыландыру жүйесінен белсенді емес пациенттерді алып тастайды. Тіркеу талаптары күшейтіледі, қуаты төмен емханалар нығайтылады, ал қаржыландыру көлемі ең алдымен мемлекеттік медициналық ұйымдарға және ең тиімді жекеменшік клиникаларға бағытталады. Қосарланған қаржыландыру мен жалған тіркеулермен күресу үшін медициналық және қаржылық барлық ақпараттық жүйелерді біріктіретін тұтас цифрлық бақылау іске қосылады, ерікті сақтандыру шарттары есепке алынады және медициналық қызметті алғанын пациенттердің өздері мобильді сервистер арқылы міндетті түрде растауы енгізіледі. Бұл көрсетілмеген қызметтерге төлем жасауды болдырмай, азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді», — деп хабарлады министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, сапаны бақылау күшейтіліп, жасанды интеллект элементтері бар тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесі енгізіледі, лицензиядан кейінгі бақылау толық цифрландырылып, лицензиялау талаптары мен медициналық қызмет көрсету стандарттары қатаңдатылады.
«Сапаны бағалаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі қалыптастырылады, оның ішінде Ұлттық сапа институтын құру көзделіп отыр. Сондай-ақ жекеменшік медициналық ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына, денсаулық сақтау стандарттарына сәйкестігіне және бюджет қаражатын мақсатты пайдалануға қатысты кешенді тексеру басталады. Ұсынылған барлық шаралар жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған. Біздің басты қағидатымыз — әрбір бюджеттік теңге білім беру мен денсаулық сақтау сапасын нақты жақсартуға жұмыс істеуі тиіс», — деп қорытындылады Аида Балаева.
Еске салсақ, былтырғы желтоқсан айында вице-премьер және мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік органдар заң шеңберінде жұмыс істейтін кәсіби БАҚ-ты қорғауға қабілетті екенін ескертті. Министр ведомство Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты сот ісін қадағалайтынын, олардың қаралуы ашық және объективті болуын қамтамасыз ететінін айтты.
Тақырыпқа қосымша:
- Балаева «Қазақфильмге» қатысты маңызды мәлімдеме жасады
- Мұсақожаева ренжімесін, ғимаратының тоз-тозы шыққан — Аида Балаева өнер университеті туралы
- Аида Балаева қазақ «жұлдыздарының» мінез-құлқына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
- Еліміздің Қарулы Күштері Бас штабының бастығы өзгерді
- Аида Балаева: жекеменшік мектептер білім сапасын төмендетті
- Алматы облысындағы күре жолдағы жол апатынан әйел адам қаза тапты
- НАТО-ның аралдағы тұрақты миссиясын барлайтын әскери топ Гренландияға келді
- Қазақстан —Қытай арақатынасы нығая түспек: Гуанчжоуда бас консулдық ашылды
- Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі ертең Майамиде өтеді
- Трамптың арнайы өкілі Иранмен қақтығысты реттеудің төрт шартын атады
- Атырауда автобус ішінде жасөспірім қыздар төбелесіп қалды
- Елімізде таңбаланбаған ЖИ-контент үшін айыппұл қарастырылатын болды
- Алыпсатарлар кесірінен теңге күрт құлдырауы мүмкін
- Атырауда бір отбасының жоғалуы: Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылды
- Қысқы Олимпиаданы тікелей эфирден қайда көруге болады
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
- Алматының тынысы тарылды: энергетика министрі ЖЭО-3-тің жұмысын сынады
- Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан жігіт ұсталды
- Еліміздің шығысында -45 градусқа дейін суытады: 12 облыста дауылды ескерту жарияланды
- Маржан Арапбаеваны ұрып, шашынан сүйреген азаматтық күйеуі қамалды
- Гүлнәр Бажкенованы енді кім қорғамақ? Мұрат Адам лицензиясынан айырылды
- Алматы облысында автобустың әйнегін сындырған үш адам ұсталды
- Мұрат Адам адвокаттық лицензиясынан айырылды