Адамзат жыртқыштың заңымен дамымауы керек – Си Цзиньпин Астанадағы саммитте не деді?

cover Фото: Orda.kz

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Orda.kz.

Қытай көшбасшысы халықаралық жағдайдың күрт өзгеріп, бұрын-соңды болмаған жаһандық сілкіністер мен қайта құрулар кезеңі басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, бейбітшілік пен ортақ өркендеуге тек теңдік, әділеттілік, өзара тиімділік және ұтысқа негізделген ынтымақтастық қағидаларын мызғымай ұстану арқылы ғана қол жеткізуге болады.

«Сауда мен тарифтік соғыстарда жеңімпаз болмайды. Протекционизм мен гегемонизмді қолдаушылар өзге елдерге ғана емес, өздеріне де зиян келтіреді. Мен әрдайым тарих дөңгелегін кері айналдыру мүмкін емес екенін айтып келемін. Алға жылжу ғана маңызды. Бізге бөлшектелген емес, біртұтас әлем керек. Адамзат бір-біріне қарсы тұрмауы керек. Ортақ тағдыр жолымен дамуы тиіс. Жыртқыштар секілді кім мықты, сол жеңеді дейтін емес, ортақ мүдде үстемдік ететін дәуір болуы қажет», – деді Си Цзиньпин.

16-18 маусым аралығында Астанаға Қытай төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келді. Ол «Қытай — Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысына қатысады. Алайда бұл ресми себептің артында маңызды саяси мән жатыр. Бұған дейін Қазақстанға келе жатқан Қытай төрағасы нені көздегені жайлы жазған едік.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар