Адам өлтіріп, сотталып шыққан қылмыскер қайтадан екі адам өлтірді

cover

Рудный қаласының тұрғыны екі адамды өлтіргені үшін өмір бойына сотталды. Ол осыдан үш ай бұрын колониядан шыққан. Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 20 жыл қамауда болған.

Ақпарат Alau.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

41 жастағы Эдуард Сулаков 20 жылын ерекше қатыгездікпен екі кісіні өлтіргені үшін колонияда өткізіп, 2020 жылдың мамыр айында босатылды. Тамыз айында ол үй иелерімен бірге ішімдік ішкен.

— Сот барысында оның 2020 жылдың 16 тамызында Бисендиннің үйінде болғаны, мас болғаны және үй иесімен қақтығысқа түскені белгілі болды, - деді судья Жанар Тілеубаева.

Қақтығыс кезінде Сулаков үй иесінің кеудесіне пышақ қадайды. Бисендин алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыскер үй иесінің әйелін алдап басқа бөлмеге алып кетеді.

— Ол мас болғандықтан, қылмыскер әйелмен жыныстық қатынасқа түседі. Содан кейін күйеуінің өлімін көрсетпеу үшін әйелдің мойнына бірнеше жерден пышақпен соққы жасады, - деді судья.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар