Әбілғазин Грекияда өртке оранған арал туралы мәлімдеме жасады

cover Фото: Sabirov Sali / Olympic.kz

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі Данияр Әбілғазин Грекияның Гидра аралындағы өртке қатысты мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Forbes хабарлайды.

Ол өртке себеп болған отшашулар атылған Persephoni I яхтасын жалға алғанын мойындады. Әбілғазин болған оқиғаға өкініш білдіріп, өзінің және  қонақтарының өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтағанын айтты.

Әбілғазин өзінің де, қонақтарының да өрт шығуы мүмкін ешқандай әрекет жасамағанын баса айтып, Грекия билігі өкілдерінің оған қарсы ешқандай талап қоймағанын атап өтті. Ол сондай-ақ Грекия билігімен тергеуде ынтымақтасуға уәде берді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар