Абай Серікұлы ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

cover Фото: gov.kz

Абай Серікұлы Қайырбеков  Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады:

«Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Абай Серікұлы Қайырбеков 1998 жылдан бастап Ішкі істер органдарында. Қызметін кәмелетке толмағандар жөніндегі жедел уәкілдіктен  бастады. Кейін ҚР ІІМ ведомстволарында түрлі лауазымдарда (соның ішінде жедел) қызмет атқарды. 2011 жылдан бастап ІІМ орталық аппаратында басшылық қызметтер атқарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар