Абай облысында екі теміржолшы 920 млн теңгенің жанармайын жымқырды

cover Фото:Pexels

Абай облысында екі теміржолшы 2022 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін 920 миллион теңге тұратын дизель отынын ұрлап келген.

 Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.

Локомотив депосының бастығы мен машинист-теплотехник жанармайдың артық шығынын жайсыз ауа-райы жағдайларына сілтеп, болмаған дауыл мен желді болды деп есеп беріп келген. Бұл схеманы олар алдын-ала ойлап тауып, жүйелі түрде қолданған. Нәтижесінде жергілікті қаржылық мониторинг бөлімі 3000 тоннадан астам дизель отыны жоғалғанын анықтап, екі теміржолшыға қатысты іс қозғалды.

Сот депо бастығын 8 жылға, машинисті 7 жылға соттады. Сонымен қатар, екеуі де материалдық жауапты қызмет атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, сот оларға келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар