Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?

cover Литер

2020 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ақылы жол учаскелерінде жеңілдікпен жүруге түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасына бастамашы болды.

Құжат бойынша бенефициарлар тізімі ұлғаюы мүмкін, деп хабарлады Orda.kz.

Заң жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінде қаралуда.

Осылайша, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарды республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінде жеңілдікпен жүретін адамдар санатына қосу жоспарлануда.

Бүгінде ақылы жолға іргелес елді мекендерде тұратын пайдаланушылар бір аудан шеңберінде жүру үшін жыл сайынғы 1000 теңге тарифін қолдана алады.

– Жолаушыларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар, ақылы жолға іргелес аймақтардың автобустары, жедел жәрдем ұйымдары, өрт сөндіру қызметі, төтенше жағдайлар қызметі, патрульдік полиция және әскери техникалар тарифтен босатылды, - деп хабарлады ҚР ІІМ.

Еске салсақ, биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы жүйеге өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар