Орынбасары сотталса, Ақтоты Райымқұлова қызметінен кетеді

cover

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өзінің қарамағындағы вице-министр Сәкен Мұсайбековтың кінәсі дәлелденсе, қызметінен кету туралы өтініш жазады.

Бұл туралы ол Orda.kz тілшісіне Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

– Біріншіден, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар және кінә дәлелденуі керек. Егер кінәсі дәлелденсе, заң бойынша мен жұмыстан кету туралы арыз беремін. Қайталап айтамын, дәлелденген жағдайда, - деп жауап берді министр.

Еске салсақ, 2021 жылы ақпанда Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пара алды деген күдікпен ұсталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар