Ақтөбеде автокөлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті

cover

Оқиға 14 тамыз күні болған. Зардап шеккендер арасында 6 жасар қыз болды.

Бұл туралы Orda.kz Диапазонға сілтеме жасап хабарлайды.

Барлығы 14 тамызда болды.

«Лада Гранта» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Есет батыр көшесімен жүріп өтіп бара жатқанда жолай келе жатқан көлікті жібермей, «Mitsubishi Pajero» автокөлігің 30 жастағы жүргізушісімен соқтығысты. Соқтығысу әсерінен «Mitsubishi Pajero» қозғалыс бағытын өзгертіп, аялдамада тұрған екі әйел мен 6 жасар қыз баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргіншілер медициналық мекемеге шұғыл жатқызылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар