Ақтөбе тұрғынынан 40 дана киіктің мүйізі тәркіленді

cover

Ақбөкеннің 40 дана мүйіз Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылының тұрғынынан тәркіленді, деп хабарлайды ORDA полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 32 жастағы күдікті уақытша қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Ақбөкен мүйіздері бірнеше полиэтилен пакетке оралған. Барлық мүйіздер жойылды. Полиция тергеуді жалғастыруда. Бұл бапта 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе мүлкін тәркілеумен сол мерзімге бас бостандығын шектеу қарастырылған», - деді Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар