АҚШ-қа белгісіз метеорит құлады

cover

Дүйсенбі күні кешке АҚШ-тың Флорида штатының Вест-Палм-Бич қаласында метеорит құлады.

American Meteor Society компаниясының операциялық менеджері Майк Хэнки бұл Жердің атмосферасына кіргеннен кейін пайда болған ауыр метеорит екенін айтты.

—  Бұл метеориттің ерекше түрі, өйткені ол жарылыс дыбысын тудырады, - дейді ол.

Хэнки аспан денесінің құлау жылдамдығы мен сипаттамаларына қарағанда астероид болуы мүмкін деп болжады.

— Алайда, бұл метеорит 2021 GW4 астероитінің бөлігі ме, жоқ па деген сұрақ туындап отыр, - деді ол.

Gianluca Маси VirtualTelescope.eu мәліметтеріне сәйкес, 2021 GW4 астероиды дүйсенбі күні таңертең жерге өте жақын - 12430 миль қашықтықта ұшып өткен. Астероид 8 сәуірде Аризона штатындағы Леммон тауында орналасқан Catalina Sky Survey телескопы арқылы белгілі болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар