Джо Байден Флорида штатында төтенше жағдай жариялады

cover

АҚШ президенті Джо Байден Флоридада көп қабатты үйдің құлауына байланысты төтенше жағдай жариялады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Президенттің жарлығы Ұлттық қауіпсіздік департаментіне және Федералды төтенше жағдайларды басқару агенттігіне (FEMA) осы жағдайлардың салдарынан жергілікті халықты апаттан құтқару жөніндегі барлық шараларды үйлестіруге мүмкіндік береді, - делінген Ақ үйдің хабарламасында.

Майами (Флорида) аумағына кіретін Сурфсайд қаласында көп қабатты үй құлады. Билік сол жерде орналасқан 130 пәтердің жартысына жуығы қирағанын және оқиға орнына 80-ден астам құтқару тобы жіберілгенін айтты.

Мәліметтерге сәйкес, үш адам қаза тауып, тоғыз адам жарақат алған. Қазір 40-қа жуық адамды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Майами-Дейд полиция департаментінің баспасөз қызметі 99 адамның белгісіз күйде жоғалып кеткенін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар