«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш сәби дүниеге келді

cover Фото: Регион Онлайн

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш сәби дүниеге келді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– 2021 жылдың 15 қазанында еліміздегі ЭКО бағдарламасы сәтті өткеннен кейін президенттік «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш сәби дүниеге келді. Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының мәліметінше, сәби Қазақстанда ЭКО арқасында дүниеге келген 25 мың баланың арасында алғашқылардың бірі болды, - деп жазды Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сәбидің ата-анасы Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында тұрады. Болашақ ана 9 жыл бойы жүкті бола алмай Репродуктивті медицина институтына алғаш рет жүгінген. Ұзақ уақыт бойы ерлі-зайыптылардың қаржылық жағдайына байланысты ЭКО жасатуға қаражаты болмаған.

– Ерлі-зайыптыларға «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы квота бойынша ЭКО арқылы жүктілікті жоспарлау ұсынылды. 15 қазан күні қалалық перзентханада салмағы 3156 кг, бойы 52 см Арман есімді дені сау ұл дүниеге келді, - деп қосты министр.

Айта кетейік, Қазақстандағы алғашқы ЭКО зертханасы 1995 жылы Алматы қаласындағы қалалық адам репродукциясы орталығында бас дәрігер Тамара Мұфтахқызы Жүсіпәлиеваның жетекшілігімен ашылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар