Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атылды

cover

Желіде фельдшерлер түсірген бейне пайда болды. Олардың қызметтік көлігінің әйнегінде оқтың ізіне ұқсас тесік қалды.

Ақпарат КТК телеарнасында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақмола облысында жедел жәрдемге кім оқ атуы мүмкін екендігі анықталуда.

Оқиға Щучинск қаласында болған. Жедел жәрдем қызметкерлерінің өздері болған жағдайға таң қалған.

— Біз Шоссейная көшесімен жүрдік. Оқ атылды. Біз ешқайда соғылмадық, - деді фельдшерлер.

Олар атылған оқтын дауысын естіген сәтте көлік ауруханаға бет алды. Бригада жүкті әйелді алып бара жатқан. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ.

Полиция бұл фактіні растады және оқиғаның барлық егжей-тегжейін тексеріп жатқанын хабарлады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар