9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр

cover Фото: Көрнекілік үшін

Қазақстаннан барған бір топ жасөспірім Дубай қаласында өткен шахмат турниріне қатысқаннан кейін елге қайта алмай отыр. Бұған Таяу Шығыстағы жағдай себеп болған, деп хабарлайды Orda.kz.      

9 бен 16 жас аралығындағы балалар Біріккен Араб Әмірліктері-нен 2 наурыз күні ұшып шығуы тиіс болған. Алайда ата-аналардың айтуынша, олардың рейсі тоқтатылған.

Қазіргі уақытта ата-аналар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінен көмек сұрап отыр.

Әзірге Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар