9 аймақтың оқушылары онлайн оқиды

cover

Білім басқармаларының мәліметінше, Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Семей, Түркістан және Петропавл қалаларының мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқытуға көшірілді.

Қызылорданың бастауыш мектеп оқушылары (0-4 сынып) да қашықтан оқитын болады.

Семейде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Қарағандыда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы студенттердің сабақтары қашықтан оқыту форматына көшірілуде.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай қаласының бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері онлайн оқыту форматына көшірілді.

Астанада бірінші ауысымдағы мектеп пен колледж оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар