«850 миллиард қайтарылды»: Заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі комитет жұмысын тоқтатты
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі комитетінің атын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаев заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі комитетті инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп қайта атауды ұсынды.
«Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Алайда, ешбір мемлекеттік органның атауында «инвестиция» деген сөздің болмауы бірден көзге түседі. Бұл мәселе үш-төрт мекеменің қарауында, бірақ нақты шешімін таппай келеді. Сол себепті премьер-министрге 10 күн ішінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар, үкіметке инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде дайындауды жүктеймін», — деді президент.
Соңғы жылдары мемелекетке шамамен 850 миллиард теңге қайтарылды. Бұл қаражат 10 мектеп пен 4 спорт нысанын салуға, 235 денсаулық сақтау нысанын салу және жаңғыртуға, сондай-ақ 177 су инфрақұрылымы нысанына бағытталды.
Сондай-ақ, Тоқаев республикалық бюджетке қосымша қаражат түсетінін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Мемлекет басшысы өз Жолдауын жария етіп жатыр. Бұған дейін ол жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды
Жаңалықтар
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды