«8 жыл күткен»: Алматыда донор болған марқұм әйел 6 адамның өмірін сақтап қалды

cover Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында 1962 жылы туған әйел қайтыс болды. Марқұмның туыстарының келісімімен әйелдің ағзалары алынып, 6 науқасқа берілді, деп хабарлайды Orda.kz.

63 жасқа келіп көз жұмған әйелдің жүрегі — 1988 жылы туған науқасқа, бауыры — 1982 жылы туған науқасқа, оң бүйрегі – 1996 жылы туған науқасқа берілсе, сол жақ бүйрегі – 2017 жылдың қазан айынан бастап отаны күткен 1966 жылы туған науқасқа берілген. Көзінің мөлдір қабығы — 1983 және 1956 жылы туған науқастарға берілді.

«Бұл отаны ұйымдастыру мен үйлестіруді Алматыдағы жетекші ағза ауыстыру орталықтарымен бірлесіп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ағза ауыстыруды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығы қамтамасыз етті», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Айта кетейік, Ақтауда тұрғын үйдің жертөлесінде газ жарылып, тұрғындар зардап шекті. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар