«790 млн жымқырды»: Абай облысында қаржы пирамидасының қызметі тоқтады

cover Фото: freepik.com

Абай облысындағы «Rakhat0425» қаржы пирамидасының басшылары ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алаяқтар қарапайым азаматтарға жалған уәде беріп қаражат жинаған. Олардың 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам заңсыз қаржыны жинап, қалтаға басқаны белгілі болды.

Ұйым басшылары салымшылардың пәтерлерін арзан бағада беруге көндіріп, кейін оларды басқа тұлғалардың атына рәсімдеген. Осы іс бойынша қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айта кетейік, елімізде мұндай алаяқтар әлі күнге арам пиғылдарын жүзеге асырып жүр. Осы жылы сәуір айында ғана «Qnet» қаржы пирамидасының басы-қасында жүргендер сотталған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар