73 жастағы зейнеткер түрмеде апелляциялық шағымның жауабын күтіп жатып көз жұмды
Фото: Pixabay
Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторында 73 жастағы Талғат Телеуов қайтыс болды. Ол Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне пара бергені үшін сотталған еді. Тергеу изоляторындағы өлімнің мән-жайын Orda.kz тілшісі анықтады.
Бұл ер адам жүрек-қан тамыр жүйесіне байланысты дертпен ауырған, ІІ топтағы мүгедек болған. Ұстау кезінде жедел жәрдемді 40 рет шақыртқан. Соған қарамастан, ол қамауда қалсын деген қаулы шыққан. Ол аяқ асты қайтыс болған және бақылау камераларына тіркелген. Қайтыс болған сәтте оның жазған апелляциялық шағымы қаралып жатқан екен.
Не үшін сотталды?
2023 жылдың жазында Мерке кентінде екі миллион қорап контрабандалық темекі тиелген жүк ұсталды. Заңға сәйкес, бұл тауар жойылуы тиіс еді. Сондықтан ол Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөліміне уақытша сақтау үшін жіберілген.
Алайда 2024 жылдың басында Талғат Телеуов бұл туралы біліп, темекілерді заңсыз сатып, пайда табуды көздеген. Ол бұл іске күйеу баласы Элимхан Мұрадовты және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Сәкен Үкімбаевты тартқан. Сол арқылы тәркіленген темекіні алу мәселесін шешу үшін басқа қызметкер Жәнібек Қуанышевқа пара бермек болған.
21 наурыз күні Телеуов Тараздағы «Қарахан Халал» дәмханасының жанында, көлік ішінде Қуанышевқа 200 мың долларды өзі қолма-қол тапсырған. Алайда сол кезде Қуанышев антикор қызметімен бірлесіп жұмыс істеп жүргендіктен сол түні «Газельге» тауарды тиеу кезінде барлық қатысушылар ұсталды.
Бірінші сатыдағы сот үкім шығарып, айыпталушыларға әртүрлі жаза тағайындады.
Телеуов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда апелляциялық сот шешімін күтіп жатқанда уақытша ұстау изоляторында көз жұмды.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?