«51 млн артық төленген»: Ақтөбеде аудиторлар мониторинг жасаған мектептің 2 есепшісі жұмыстан шығып кетті
Фото: freepik.com
Ақтөбелік аудиторлар бір мектептен 51 млн теңге артық төленген ақшаны анықтады. Қазына қаржысына тексеріс жүрген тұста есепшілер жұмыстан кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысында аудиторлар назарына тағы бір мектеп ілікті. Шалқар ауданындағы №5 мектеп-лицейінен 51 млн 448 мың теңге болатын заң бұзушылықтар анықталды. Екі жыл бойы 19 қызметкерлерге артық ақша аударылған.
Тексеріс 2023-2024 жылдары мектептің кей қызметкерлерге еңбек ақысының 50%-нан артық аванс төлегенін анықтап берді.
2024 жылы аудиторлық тексеріс басталған тұста мектеп есепшілері артық төленген ақшаны қайтара бастаған. Осы тұста мектептен 2 есепші жұмыстан шығып кетті.
«Қазір «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі бар. Шалқар ауданындағы №5 мектеп-лицейіне қатысты бұзушылықтар осы мониторинг кезінде анықталды. Аудит барысында анықталған 32 млн теңге бюджет кірісіне толық өтелді», — деді Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментінің басшысы Сәкен Қасымов.
Осылайша бір мектеп екі жылда 19 қызметкерге 51 млн теңгені артық төлеген. Аудиторлар қаржылық заң бұзушылықтарға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама берді.
Айта кетейік, 2024 жылы Шалқар ауданында білім бөлімінің басшысы Қази Жұмаханов қызметін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Ол мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерінен ақша жинап, жеке мақсатқа жұмсап жіберген деп айыпталды.
Сонымен қатар биыл Шалқар ауданында «Пара алу» бабымен екі шенеунік абақтыға қамалды. Аудан әкімінің орынбасары мен ТҮКШ бөлімінің басшысы мердігерден тендерден ұтқан ақшаның 1%-ін алған.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема