«4 адамға оқ тиді»: Жамбыл облысындағы үйлену тойы атыспен аяқталды

cover Фото: Envato

Кеше, 29 шілде күні кешкі сағат 21:00 шамасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында жаппай төбелес болып, арты атысқа ұласты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Оқиға Амангелді көшесіндегі дүкендердің бірінде болған. Сауда орнының кіреберісінде бір топ белгісіз адамдар өзара жанжалдасып қалды. Қақтығыс төбелеске ұласып, жастар бір-біріне оқ атқан. Нәтижесінде Мойынқұм аудандық ауруханасына 1997, 1999, 2003 және 2006 жылы туған жігіттер әртүрлі оқ жарақаттарымен жеткізілді. Оқиға орнына Шу және Меркі аудандарының полициясы, сондай-ақ Жамбыл облысы прокуратурасының бірнеше қызметкері барды. 

«29 шілде күні сағат 21:30 шамасында Мойынқұм ауылындағы аудандық ауруханаға оқ жарақаты бар төрт ер адам жеткізілді», деп мәлімдеді өңірдегі полиция.

Кейбір дереккөздерде төбелес ұйымдастырғандар үйлену тойының қонақтары екені айтылды. Болған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмысы жүріп жатыр. 

Айта кетейік, кеше, 29 шілде күні Сорбұлақ көлінде жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында тікұшақтың сынықтары табылды. EC-145 тікұшағының радардан жоғалып, іздестіріліп жатқанына бүгін 5-і күн болды. 







Жаңалықтар

барлық жаңалықтар