«3 жылға сотталады»: Қызғалдақ жұлған шымкенттік келіншек ұсталды
Фото: Видеодан кадр
Түркістан облысы Ордабасы ауданында қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған келіншек ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін полиция 12 млн теңгенің гүлін жұлған әйелді іздестірген еді. Түркістан облысының полициясы құқық бұзушының кім екенін анықтады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Енді қызыл кітапқа енген қызғалдақты терген әйел жауапқа тартылады.
«Түркістан облысында полиция қызметкерлері Ордабасы ауданы Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған Шымкент қаласының тұрғынын анықтады. Осы оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабы (Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ жұлуға тыйым салынған түрлерін жою) бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Келіншек 3 жылға дейін шартты түрде сотталуы немесе 3000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 11 796 000 теңге айыппұл арқалауы мүмкін.
Еске салайық, Түркістан облысы Сарыағаш қаласында мүгедек жігітті бір топ жастар пышақтап өлтірді. Олардың қатарында әскери қызметкер де бар.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды