24 пәтер тонаған топ ұсталды
Фото: Polisia.kz.
Қызылорда облысында 24 пәтер ұрлығына қатысы бар адамдар тобы ұсталды.
Бұл туралы Polisia.kz. хабарлады.
“ІТ TERGEU” жобасы аясында прокуратураның үйлестіруімен қызылордалық жедел уәкілдер үйлерге ұрлыққа түсуді табыс көзіне айналдырып келген адамдар тобын ұстап, қамауға алды.
«Шиелі ауданында кезекті пәтер ұрлығын жасап, “ізін суытпақ” болған кезде қолға түсті. Құрықталған үш күдіктінің бірі Абай облысының тұрғыны болса, екіншісі Ақмола облысының тұрғыны. Олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күшпен ашып, үй ішіне заңсыз кіріп, ақша, құндыз тон, техника мен алтын бұйымдарды ұрлады»,– деп мәлімдеді
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 14 млн теңге.
Бүгінгі күнде күдіктілер қамауға алынып, облыс аумағында 24 пәтер ұрлығын жасағаны анықталып, өзге де ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда.
Жаңалықтар
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті