2021 жылы еңбек нарығы біршама оңалуы мүмкін
Коронавирус пандемиясы еңбек нарығына орасан соққы жасап отыр. Қазір әлем елдерінде жұмыссыздық жоғарғы көрсеткішке ие. Карантиннің кесірінен, әсіресе, қызмет көрсету саласы тығырыққа тірелді. Көптеген елдерде жұмысынан айрылып, сенделген саны артты. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша өткен жылы әлембойынша көпетеген мемлекеттерде жұмыс уақыты қысқарды.
Әлемде жұмыс уақытының қысқаруы 2009 жылғы жаһандық экономикалық дағдарыс кезімен салыстырғанда 4 есеге ұлғайды. Сарапшылардың есебі бойынша өткен жылы шамамен 255 млн жұмыс орны қысқарды. Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Гай Райдердің айтуынша, індет кесірінен еңбек нарығындағы қиыншылық 1930 жылдан бергі ең үлкен дағдарысқа тап болды. Салдарынан әлем экономикасының жалпы ішкі өнімі 4,4%-ке құлдырады.
Статистика бойынша жұмыссыздық Ұлыбританияда жұмыссыздық рекордтық көрсеткішке жетті. Елдегі жұмыссыздар 5%-ды құрайды. Олардың басым бөлігі жастар. Карантинде елдегі көптеген кәсіпорын жабылып, халық жаппай жұмыссыз қалмау үшін жергілікті билік жұмыс уақытын қысқартты.
Экономиалық әл-ауқаты мықты деп саналатын Жапонияның өзінде 2020 жылы жұмыссыздық деңгейі 2,8%-ке жетті. Бұндай көрсеткіш соңғы 11 жылда алғаш рет тіркелді. Билік өкілдерінің айтуынша, 2009 жылы болған жаһандық экономикалық дағдарыс кезіндегі көрсеткішке жеткен. Жұмыссыз қалған жұрттың жалпы саны 1 млн 900 мыңға жеткен.
Америкада қараша-желтоқсан айларында жұмыссыздық деңгейі шамамен 7%-ті құрады. АҚШ-та бір айдың ішінде 140 мың жұмыс орны қысқарған. Еңбек министрлігінің мәліметінше қазір жағдай біршама оңалып, мемлекеттік жәрдемақыға өтініш білдіргендер саны азайған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық