16 сәуірге арналған ауа райы болжамы

cover

Синоптиктер 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

— Қазақстанның басым бөлігі бұрынғысынша ауқымды антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР-ның оңтүстігі мен батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, - деп хабарлады «Қазгидромет».

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында Алакөл көлінің маңында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, түнде және таңертең Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар