15-17 мамырға ауа-райы болжамы: + 36 градус ыстық болады

cover

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15-17 мамырға ауа-райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, облыстардың көпшілігінде бұлтты және жайма шуақ ауа райы сақталады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Демалыс күндері Қазақстанның көп аймақтарында аптап ыстық күтіледі. Сонымен, елдің солтүстігінде ауа температурасы 25-тен 33 градусқа дейін, батыста 28-тен 36 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында тұрақсыз ауа-райы сақталады. Мұнда күн күркіреп, бұршақ жауады.

Елдің шығысында 15 мамырда түнде 1 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар