12 жасар қызды зорлау және заңсыз түсік жасату: тәртіп сақшылары Жамбыл облысында алты айлық ұрықтың қалдықтарын іздеп жатыр
Сурет: Riabir.ru
Жамбыл облысында 12 жасар қызды заңсыз түсік жасату фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ақпаратты Orda.kz тілшісіне Талас аудандық прокуратурасы растады.
«Талас аудандық ішкі істер бөлімі Жаңатас қаласының 12 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 319-бабының 3-бөлігі «Заңсыз түсік жасау» бойынша қылмыстық іс і тергеп жатыр» деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, бұл қазірдің өзінде тіркелген үшінші қылмыстық іс. Біріншісі – аудан депутатының күйеуі күдікке ілінген кәмелетке толмаған баланы зорлау ісі. Екіншісі, қылмыс фактісін жасырған мектеп қызметкерлеріне қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, аудандық мәслихат депутаты Галина Мороздың 55 жастағы күйеуі оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінген. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс 2022 жылдың жазында болған. Сол жылдың қараша айында қыздың анасы баласын Жаңатас қаласындағы мектеп-интернатқа ауыстырды, директор мен мұғалімдер оқушының жүктілігі туралы білді. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, болған жайды анасына ескертпестен, баланы жасанды түсік жасату үшін жеке емханаға жіберіп, ота шығынын өздері төлеген. Бұл фактіні оқиғаға қатысушылардың барлығы растады.
Қыздың анасы полицияға 2023 жылдың мамыр айында ғана арызданған. Оның айтуынша, күдікті қызына телефон алып беремін деп алдап, оның жүкті екенін білген соң қорқыта бастаған.
Жаңалықтар
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді