10 жастағы баланы иттен құтқарған ер азамат президенттің алғыс хатын алды

cover Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысының әкімі 10 жастағы баланы иттерден құтқарған ер адамға президенттің алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алматы облысы Алмалыбақ ауылында 10 жастағы Максим Головачевке төбеттер шабуыл жасаған еді. Сол сәтте ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбеков көмекке ұмтылып, өз өміріне қауіп төнсе де, баланы ажалдан арашалап қалды. 

Серікбек Сақайбековке мемлекет басшысы атынан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев алғыс хат табыстады.

Айта кетейік, баланы төбеттерден қорғаған Серікбек Сақайбековтен иттердің иесі өтемақы талап еткен еді.

Еске салайық, бұған дейін Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Атшабаров Серікбек Сақайбаевқа алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай сыйлық табыстады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар