Жыры бітпеген Талғар полициясы: Қызды зорлаған күдіктіні босатып жіберіп, ағасын атып өлтірді
Коллаж: Orda.kz
Талғар ауданының Қызылқайрат ауылында елді дүр сілкіндірген ауыр қылмыс болды. Қызды зорлап, бір ай бойы интимдік суреттері мен видеоларын тартып, қоқан-лоқы көрсеткен ер адамды полицияға ұстап апарып тапсырғанымен, Талғар полициясы оны қамауға алмастан босатып жіберген. Ал келесі күні күдікті зорланған қыздың ағасын жүрек тұсынан екі рет атып, 3 жасар бүлдіршінді кепілдікке алған. Orda.kz тілшісі жәбірленушінің үйіне барып, сол күнгі оқиғаның мән-жайын білді.
Orda.kz тілшісі қанды оқиға болған Қызылқайрат ауылына барғанда, марқұмның туыстары оның денесін мәйітханадан алып келіп, ертеңгі болатын жаназа намазына дайындалып жатыр екен. Қайғыдан қабырғасы қайысқан туыстары жазықсыз кеткен бауырларын жоқтап, қан жұтып отыр.
Оқиғаның қалай болғанын осы отбасының туысы әрі адвокаты Гаухар Сариева айтып берді. Еске сала кектейік, 6 қыркүйек күні қанды қылмыстың болғанын айтып, осы іске назар аударуды әлеуметтен сұрап, ел-жұртты хабардар қылған да осы Сариева еді.
Адвокат Сариеваның айтуынша, осыдан үш-төрт күн бұрын оған Аружан Тұрғынбек деген бөлесі хабарласып, Айғазинов Еламан деген жігіттің қыр соңына түсіп, өзінің интимдік фото-видеоларын қыздың әріптестеріне таратып, қорқытып жүргенін айтқан. Ол Тұрғынбек Айғазиновпен бастапқыда қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген екен. Күдікті көлік жөндеу орталығында істеп жүріп, алаяқтық жолмен бір көлікті Аружанның атына тіркеп қойған, келесіде тағы да бірнеше көлікті тіркемекші болғанда Аружан қарсылық танытады. Сол кезде Айғазинов қызды зорлап, оның көзін байлап, тыр-жалаңаш фото-видеоға түсіріп алып, бір ай бойы қорқытып келген. Ондағы мақсаты сол арқылы заңсыз көліктерді Тұрғынбектің атына тіркеуге көндіру болған.
«Оқиға болардың алдында бөлем маған хабарласып, жағдайды айтты. Біз полицияға барып арыз жаздық. Сол кезде Аружанның арызды осыдан бір ай бұрын жазғанын білдік, бірақ ешқандай тергеу амалдары жүргізілмеген. Ал күдікті қызға бір ай бойы қоқан-лоқы көрсеткен. 3 қыркүйек полицияға барғанымызда арызды қайтадан жаздық, істі тіркеді, менің қолымда сол Талғар аудандық полиция бөлімінің басшыларымен сөйлескен видеоларым да бар. Біз күдіктінің соңынан екі күн бойы жүріп өз қолымызбен ұстап апарып бердік. Ал полиция оны тергемек түгілі қызды зорлаған адамды сол түні бостып жіберген», — деді Сариева.
«Талғар аудандық полициясының салғырттығынан жазықсыз адам өлді, үш бала жетім қалды»
Кісі қолынан мерт болған 30 жастағы Ернар Аружан Тұрғанбектің туған ағасы, артында үш баласы мен аяғы ауыр әйелі қалды. Талғар полициясы күдіктіні өз қолдарымен босатып жіберген соң ол ертесіне жанына тағы екі-үш жігітті ерітіп алып, Аружанның үйіне келеді. Жол жөнекей дүкенге кетіп бара жатқан қыздың ағасын көріп, көліктен шығып мылтықпен көшенің қақ ортасында жүрек тұсынан екі рет атып тастайды да ары қарай үйге бет алған.
Марқұмның жары Әбілаева Балзияның айтуынша, сол күні олар күйеуімен бірге базарға баруға дайындалып жатқан екен. Ал Аружан медбике болып жұмыс істеген соң бір көше ары тұратын көршілерінің үйіне дәрі салуға кетіп қалған.
«Базарға шығар алдында Ернар дүкенге барып сусын алып келемін, сен дайындалып шыға бер деді. Арада көп уақыт өткен жоқ, мен сағат 14:02- де «осы жақтан бірге шығайық, қайдасың?», деп жаздым, одан жауап келмеді. Сол кезде Еламан қасында үш жігітпен үйге кіріп келді, өзінің қолында мылтық, ал қасындағылардың қолында пышақ болды. Ол кезде үйде енем, мен және келесі бөлмеде ұйықтап жатқан Аружанның 3 жасар қызы болды. Кіре салып бізге пышақ тақады. Аружанды тауып беріңдер деді. Артынша енеме қарап «балаңды дәл қазір өлтіріп келіп отырмын, арғы көшеде жатыр», деп айтты. Біз сенбедік, ол Аружанның қызын үйден алып кетіп, артынша көшеге жүгіріп шыққанымызда Ернарды атып кеткенін көршілеріміз айтты» — дейді марқұмның жары.
Адвокат Сариеваның айтуынша, күдікті Аружан Тұрғынбектің 3 жасар қызын кепілдікке алып кеткен. Жол жөнекей күдікті Аружанға хабарласып, «өз-өзіңді өлтіріп, фотосын маған жібересің сол кезде қызыңды босатамын», деген. Еламан Айғазинов бүлдіршінді алып көлікпен тау жаққа бет алған екен. Артынан полиция қуып, арнайы жасақ құрылғанын естіген болар, ақырында күдікті суицид жасамақшы болады. Ол көлікте отырған кішкентай қызбен бірге жардың етегіне барып аударылып, көлікпен ағашқа тіреледі. Сол кезде бүлдіршінің тілі кесіліп кеткен, ауруханада тілін сегіз жерден тігіп ота жасаған. Осы уақытта полиция оларды төбеден дронмен бақылап, артынша келіп күдіктіні құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

«Қазіргі таңда қыз аураханада. Анасы мен қызы қатты қорқып қалған, психолог бүгін келуі керек. Полиция күдіктін босатып жіберген кезде Аружан да бір ай бойы көрген азабы қайтадан қайталана ма деп өз-өзіне қол жұмсамақшы болды. Егер сол кезде Талғар аудандық полициясы оны босатпай, тергеп, қамағанда осындай орны толмас қайғы болмас еді» — деді қорғаушы.
Сонымен қатар, Сариеваның айтуынша, күдікті бұған дейін көліктерді заңсыз сатқаны үшін алаяқтық бабы бойынша істі болған, ал тағы бір ісі өндірісте екен. Қылмыс болған күні күдіктінің қасында пышақ ұстаған үш жігітт те уақытша ұстау изоляторында.
«Талғарда заң мен тәртіп ақсап тұр, бұл менің өз көзіммен көргенім. Талғардың құқық қорғау органдарына реформа керек. Қалайша, 3 қыркүйек күні өз қолымызбен полицияға ұстап апарып берген күдіктіні барлық дәлел мен дәйекке қарамастан сол күні түнде босатып жібереді? Салдарынан жазықсыз адам өлді, үш бала жетім қалды. Ақыры полицияның салғырттығының кесірінен осыншама қасірет пен мәселе болып жатыр. Біздің талабымыз ашық сот болсын, ісіне салғырт қарап күдіктіні босатып жіберген полиция қызметкерлері де қамалсын, біз оларға қатысты да арыз жаздық» — деді Сариева.
Сондай-ақ, адвокат күдіктіге бір емесе бірнеше бап бойынша іс қозғалатынын атап өтті. Адам зорлау, сталкинг, интимдік фото-видеоларды тарату, яғни адамның жеке өміріне қол сұғушылық, кәмелеттік жасқа толмаған баланы алып кетіп, кепілде ұстау әрекеттері бойынша іс қозғалатынын айтты.
Айта кетейік, Прокуратура осы оқиғадан кейін полицияға қатысты қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі (лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі) бойынша іс қозғады.
«Полиция адам зорлады деген күдікпен ұсталған күдіктіні қамамаған және тиісті шара қабылдамаған. Нәтижесінде қаскөй Талғар ауданы Қызылқайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қыз баланы ұрлап әкеткен. Тергеу барысы облыстық прокуратураның ерекше бақылауында болады» деп жазылған хабарламада.
Жалпы соңғы кезде Талғарда қанды қылмыстың өршіп кеткені баршаға мәлім мәселе. Осыдан бір жыл бұрын 16 жасар Шерзат Полат кісі қолынан мерт болған кезде Талғар ауданы полиция басшысы бір емес, қатарынан екі рет ауысты. Бірінші рет 2024 жылдың 2 желтоқсанында және 2025 жылдың 14 қаңтарында тағы да аудандық полицияның басшысы ауысты. Ал 2024 жылдың 18 қазанында Талғар ауданының прокуроры жұмысынан босатылды. Осыншама ауыс-түйіске қарамастан, Шерзат Полаттың жұртты шулатқан қазасына бір жыл толар-толмас шақта тағы да осындай оқиға болды.
Orda.kz оқиғаның қалай өрбитінін бақылауда ұстайды.
Жаңалықтар
- Ресей Сібірдегі өзендердің арнасын Қазақстан мен Өзбекстанға бұрғалы жатыр
- Нұрсұлтан Назарбаев Путин әкімшілігінің резиденциясын жалға алады
- «Пікірі үшін жазаланды»: туысын босатуды талап етіп, Қытай туын өртегендердің барлығы ұсталды
- БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 8 адам ажал құшты
- Арыс қаласында бір мектепте 17 жұп егіз оқиды
- Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы жарияланды
- Абай облысында сабақтағы оқушылардың порнография көргені белгілі болды
- «Яна сізді жақсы көрді»: сотта Легкодимованың қаңқасын көрсетті
- «Новороссийск соққысынан кейін»: Қазақстан мұнайы Батысқа қарай экспортқа қайта шықты
- Қазақстанда белорус блогері Mellstroy-ге іздеу салынды
- Атырауда Яна Легкодимованы өлтірген екі қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- «Таңбалануы тиіс»: Тоқаев «ЖИ туралы» заңға қол қойды
- Ақмола облысында сотталған және психикалық ауытқуы бар адамдар қамқоршы болды
- Мәскеудегі тоғаннан сөмкеге салынған баланың басы табылды
- Астанада жоғалып кеткен студент өлі табылды
- Қатты жарылыс дыбысы естілді: Сайран маңында трансформатор өртенді
- Қазақстанда 308 мыңнан астам адам жұмыс таппай, әлеуметтік төлем алып отыр
- Тоқаев Энергетикалық кеңес туралы ережеге өзгерістер енгізді
- Трамп тарифтік саясаттағы көзқарасын өзгертіп, АҚШ-та баға көтерілгеннен кейін азық-түлік бажын алып тастады
- Орталық Азия елдерінің президенттері Ташкентте қандай келісімдер жасады