Жүрсін Ерманның құдасы әуе шабуылы кезінде ажалдан аман қалды

cover Фото: Christopher Black / WHO / Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы, айтыскер ақын Жүрсін Ерманның құдасы Тедрос Адханом Гебрейесус Йемен астанасы Сана әуежайында Израиль шабуылы кезінде ажалдан аман қалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы  Гебрейесус өзінің X платформасында жазды, айтуынша, ол отырған ұшақ экипажында бір адам жараланған.

«Біз Санадан ұшаққа отыруға дайындалып жатқанда, шамамен екі сағат бұрын әуежайда әуе шабуылына ұшырадық. Біздің ұшақ экипажының бір мүшесі жарақат алды. Әуежайда кем дегенде екі адамның қаза тапқаны хабарланды. Біз тұрған жерден бірнеше метр қашықтықтағы ұшу мұнарасы, ұшу залы және ұшу-қону жолағы зақымданды» деп жазды Гебрейесус.

Біріккен ұлттар ұйымының баспасөз қызметі, Тедрос Адханом Гебрейесус Йеменге бірнеше айдан бері хуситтердің қолында отырған БҰҰ қызметкерлерін босату бойынша келіссөздер жүргізу үшін барған екен. Сонымен қатар, Йемендегі денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы мен жалпы гуманитарлық ахуалды бағалау үшін барған.  

Ал Гебрейесустың өзі әуе шабуылы кезінде БҰҰ делегациясымен бірге ұшақта болғанын.

Айта кетейік, ДДСҰ басшысы қазақтың айтыскер ақыны Жүрсін Ерманмен құда. Ақынның немересі Тедрос Адханом Гебрейесустың ұлына тұрмысқа шыққан. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар