«Жүргізушінің эпилепсиясы бар»: Абай облысында көлік қаққан үш баланың жағдайы белгілі болды
Фото: Абай ақпарат
19 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Бестерек ауылында 55 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында, жолдан шамамен 10 метр қашықтықта тұрған балаларды қағып кеткен еді. Үш бала көз жұмып, үшеуі ауруханаға түсті. Балалардың біреуінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құралған мультидисциплинарлы бригада толық диагностикалық тексерулер жүргізіп, науқастардың жағдайын бағалап, ота жасау жоспарын құрды.

Қазір стационарда үш бала ем алуда: олардың бірінің жағдайы – өте ауыр, екеуінің жағдайы – ауыр, бірақ тұрақты.
Балалардың жағдайының ауырлығы алған жарақаттарымен байланысты.
Дәрігерлер балаларға ми-бас сүйек жарақаты, тірек-қимыл аппаратының және ішкі ағзалар жарақатын анықтады.
Балалардың жағдайы тұрақтандырылғаннан кейін оларды әуе борттарымен Астанаға жеткізу мәселесі шешілетін болады. Дәрігерлердің айтуынша, бір қыз баланың жағдайы өте ауыр болғандықтан, ол реанимацияда қалалы, себебі ұшақпен тасымалдауға жарамайды.
Қазіргі уақытта дәрігерлер бригадасы бір науқасқа миға күрделі нейрохирургиялық ота жасап жатыр, ал ішкі ағзаларында қан кету тоқтады.
Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-транспорттық ұшағы құрамында нейрохирург, травматолог және реаниматолог бар медициналық бригада ұшып келген болатын.
Ал редакцияның қолына түскен кадрлардан көліктің қоршауды қиратып, оның астында балалардың қалып қойғаны анық көрінеді.
Еске сала кетейік, үш, екі және сегіз жастағы балалар көз жұмды. Олардың бірі ауруханаға барар жолда қайтыс болды.
Тағы үш бала — алты және тоғыз жаста — ауыр жарақатпен Үржар аудандық ауруханасына жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, жүргізуші ұсталып, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Сараптама оның апат кезінде мас болмағанын растады. 55 жастағы азаматтың тегі Аңсаев. Жүрек ауруы және эпилепсиясы бар. Оқиға болған күні ұстамасы ұстап қалып, рөлге ие бола алмаған көрінеді.
Абай облысының әкімі Берік Уәли қаза тапқан балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруда барлық қажетті көмек көрсетуді, сондай-ақ материалдық және психологиялық қолдау жасауды тапсырды.
Денсаулық сақтау министрлігі балаларға медициналық қызмет көрсетуге үздік мамандар жіберілгенін мәлімдеді.
«Команда құрамында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ нейрохирург дәрігері, травматолог дәрігер және реаниматолог Сейітбеков Сапарбек бар. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ерекше бақылауда ұстауда. Балаларға медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде, еліміздің үздік мамандары тартылған», деді Денсаулық сақтау министрлігі.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды