«Жүрегі тоқтап қалды»: Павлодарда анасы терезеден лақтырған сәбидің бүйрегі алынып тасталды

cover Фото: freepik.com

Павлодарда дәрігерлер терезеден лақтырылған сәбидің бүйрегін алынып тастады, деп хабарлайды Orda.kz.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы сәбидің жағдайы нашарлап, көп мөлшерде қан жоғалтқанын мәлімдеді. 

«2024 жылғы баланың жағдайының нашарлауына, ішкі қан кетудің ұлғаюына байланысты сол жақ бүйректі алып тастау үшін ота жасалды. Отадан кейін нәрестенің жүрегі тоқтап қалды», деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы. 

Дәрігерлер жедел іске кірісіп, жүрек соғысын қайта қалпына келтірген. Бір жарым жастағы сәби ауруханаға жеткізілгенде клиникалық өлім жағдайында болған. Дәрігерлер шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсетіп, кейін баланы жансақтау бөліміне ауыстырған. Жағдайы аса ауыр, себебі III дәрежелі жарақаттық шок тіркелген. Бала комада, бас сүйегінің көлемді жарақаты, ми мен ішкі ағзалардың зақымдануы анықталған.

2017 жылы туған баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Айта кетейік, кеше, 30 шілде күні  Павлодар қаласында бір әйел бесінші қабаттың терезесінен екі баласын лақтырып, кейін өзі де секіріп кетті. Әйелдің көршілерінің айтуынша, ол балаларына қамқор, сыпайы, жуас әйел болған

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар