Жылу маусымына 146 млрд теңге жұмсалды
Бүгінде Қазақстанда жылыту маусымына 146 млрд теңге жұмсалды.
Бұл туралы энергетика министрлігі Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков мәлімдеді.
Рожков ЖЭО апаттарға қарамастан, төмендетілген параметрлермен болса да, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ете алғанын атап өтті.
«Степногорск, Ақтау, Балқаш қалаларындағы жылу желілерінің бүлінуіне келсек, онда біз тиісті министрлік ретінде энергия көздері мен электр желілерін қадағалаймыз. Ал жылу желілері әкімдіктер мен Индустрия министрлігінің құзырында. Дегенмен, Ақтауда жылу желілерінің зақымдануы шынымен де анықталды. Жөндеу жұмыстары жедел жүргізілді. Қазірдің өзінде жылу желісі толтырылуда» деп түсіндірді энергетика министрлігінің өкілі.
Оның айтуынша, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына 146 млрд теңге бөлінген.
«Дайындық өте жоғары деңгейде өтті. Үлкен көлемде қаржыландыру жұмсалды – биыл шамамен 160 млрд теңге, оның ішінде 16 млрд-қа жуығы жылу электр станцияларының иелері. Үкімет резервінен тағы 20 миллиард бөлінді. Бұл қаражаттың барлығы сенімділікті арттыруға жұмсалды» деп жалғастырды шенеунік.
Рожковтың айтуынша, жөндеу жұмыстары ауыр зардаптарды болдырмауға мүмкіндік берді. Бұл ретте ол заңбұзушылықтардың бар екенін, бірақ соған қарамастан бүгінгі күні барлық тұтынушылар жылу энергиясымен қамтамасыз етілгенін мойындады.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?