Жыл басынан бері Астанадан 45 мың тонна қоқыс шығарылды

cover Фото: pexels

2024 жылдың басынан бері Астананың бес ауданында рұқсат етілмеген 33 қоқыс орны тазартылып, 45 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды.

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. 

Рұқсат етілмеген жерлерде, яғни Алаш тас жолы бойындағы 64-үйдің қасында үйіліп жатқан тұрмыстық қалдықтар табылды.  

Әкімдік «IKomek» арқылы күн сайын құрылыс орындары рұқсатсыз  қоқыс шығарып, беталды әр жерге тастайтынын анықтағанын атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар